Site icon KAZAKBOL

Түркіменстанда кәсіби құқығы үшін күрескен дәрігерді ұрлап әкетті

16 шілдеде кешке Түркіменстандағы Ахал уәлаятының Гекдепе қаласындағы «Эне мяхри» орталығының бұрынғы дәрігері Хурсунай Исматуллаеваны белгісіз біреулер үйінен ұрлап әкеткен.

2017 жылғы жазда ол науқастардан пара алудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығарған. Бұл туралы тәуелсіз Turkmen.news басылымы хабарлаған.

Басылым мәліметіне қарағанда, бұрынғы дәрігердің үйіне он шақты адам келген. Олардың кейбірі полиция формасында болған. Бейтаныс адамдар оның үйіндегі техникалар мен телефондарды алып кеткен.

Turkmen.news мәліметіне қарағанда, заңды құқығын қорғағаны үшін қудалауға ұшыраған дәрігердің жағдайы туралы дипломатиялық миссиялар мен халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары хабардар болды.

Доктор Исматуллаева төрт жылдан бері жұмыстан заңсыз шығарылғанын дәлелдеуге тырысып жүр. Turkmen.news басылымы бұл туралы 2020 жылғы қарашада жазған.

Источник

Exit mobile version