Site icon KAZAKBOL

Түркіменстанда сайлаудан кейін мұнай саласында жұмыс орындары қысқарып жатыр

Түркіменстанның солтүстігінде мұнай кенішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар қызметкерлер санын қысқартып жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметі дереккөзінің мәліметінше, «Petronas», «Dragon Oil» және бірқатар әзербайжандық мұнай компаниялары қызметкерлерінің 30 пайызын қысқартып жатыр.

Қысқарту мемлекеттік мекемелерде де басталған. Атап айтқанда, миграциялық қызмет пен кеден саласы қызметкерлерінің айлығын азайтқан.

Түркіменбашы халықаралық әуежайы қызметкерлерінің 70 пайызын ақысы төленбейтін демалысқа жіберген. Әуежай қызметкерлеріне бастапқыда демалыс наурызға дейін созылады деген, енді 15 сәуірге дейін созған.

Источник

Exit mobile version