Site icon KAZAKBOL

Түркия президентін сайлауда Ердоған 52 пайызбен алда келеді

Түркия президентін сайлаудың екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған 52%, ал оның қарсыласы, оппозиция ұсынған кандидат Кемал Қылычдароглу 47% жинады. Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 98 пайызын санаған соң осындай мәлімет таратты. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлады.

Ердоған өзін сайлау жеңімпазы ретінде жариялап үлгерді. Түрік халқы оған және оның әкімшілігіне елді тағы бес жыл басқаруды сеніп тапсырды, демократия жеңіске жетті дейді Ердоған. Бұған қоса ол жақтастары алдында ән салды.

Президентті сайлауға сайлаушылардың 85 пайызы қатысты. Елде 191 мыңнан астам сайлау жәшігі қойылды. 60 миллионнан астам адам дауыс берді.

Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің мәліметінше, сайлаудың екінші турында заң бұзылмады. Дегенмен журналистер бірнеше сайлау учаскесінде бақылаушыларға қысым жасалғанының куәсі болған. Стамбұлдың шетіндегі бір учаскеде сегіз жыл бұрын қайтыс болған әйелдің есімі сайлаушылар тізімінде жүргені анықталған.

Сайлаудың алғашқы туры 14 мамырда өтті. Үміткерлердің ешқайсы жеңіске қажетті 59 пайыз дауыс жинай алмады. Сайлаушылардың 49,5% Ердоғанға дауыс берсе, Қылычдароглу шамамен 45% пайыз жинады.

Источник

Exit mobile version