Site icon KAZAKBOL

Түркияда қырғыздар құрған киіз үйде тігін курсы ашылды

Түркияның Кахраманмараш қаласында құрылған киіз үйде тігін курсы ашылды. Бұл жөнінде Түркияның білім министрі Махмут Озер Twitter парақшасына жазды.

Министр жариялаған бейне материалда зілзаладан зардап шегіп, баспанасыз қалған әйелдерге арнап киіз үйде тігін курсы ашылғаны айтылған.

«Біз Қырғызстаннан жеткізілген киіз үйлерде тігін курсын аштық. Онда қазір қажетті бұйымдарды тігіп жатырмыз», — дейді курс оқытушысы Филиз Теке.

Қырғызстан ақпан айында Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін зардап шеккендерге көмек ретінде 200 киіз үй жіберген.

6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,8 баллдық жер сілкінісі болды. Қаза болғандар саны Түркияда 50 мың, Сирияда 6 мыңға жетті.

Источник

Exit mobile version