Site icon KAZAKBOL

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыста қираған үйлер үш айдан бері жөнделген жоқ

Разрушенный дом в селе Чоркух

Тәжікстандағы Исфара ауданына қарасты бірнеше ауыл тұрғындары бұзылған үйін жөндете алмай жүр. Тәжік-қырғыз шекарасы маңындағы бұл үйлер биыл 28 қаңтарға қараған түні қарулы қақтығыс кезінде қираған.

Билік шекарадағы жанжалдан зардап шеккендерге көмектесуге уәде берген, бірақ содан бері үш ай өтті. Исфара әкімдігі шекарадағы жанжал шығынын санап біткен, енді Соғды облысы әкімдігінің шешімін күтіп отыр.

Чоркух ауылының тұрғыны Тохир Мирзоевтің үйі 28 қаңтарға қараған түні қырғыз жағы атқан снарядтан толық қирап қалды. Үйдегі мүліктің бәрі өртенді. Тохир Мирзоев содан бері туыстарының үйінде тұрады, ұлы мен келіні Ресейге кетті.

Тохирдің үйі Чоркух ауылының шетінде, шекара сызығына жақын маңда орналасқан. «Жанжалдан соң үш күн бойы түрлі мекеменің адамдары келді, көп құжатқа қол қойдым. Үйді 8 наурыздан соң жөндеуге уәде берген, сосын Наурыз мерекесінен соң деген. Бірақ әлі ештеңе жасалған жоқ», — дейді Чоркух тұрғыны.

Тохир Мирзоев үйі бір жылда осымен екінші мәрте қирап қалды. Былтыр сәуір айындағы қарулы қақтығыс кезінде де бұл үйге снаряд түскен. Тохирдің айтуынша, сол кезде оның келіні үйге жақын жерде жүрген. Атыс болған уақытта оның жүрегі ауырған.

Ресми мәлімет бойынша, тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалдан Чоркух пен Сурх ауылдарында 52 үй қираған немесе бүлінген.

Тәжік-қырғыз шекарасы бойындағы 300 шақырымнан астам жердің дауы әлі шешілмеді. Тәжікстан мен Қырғызстан билігі 30 жылдан бері шекара мәселесінде ортақ келісімге келе алмай отыр.

Источник

Exit mobile version