Site icon KAZAKBOL

Тәжік-қырғыз су комиссиясы құрылды

Тәжікстанның Исфара аудындағы Гүлістан бақылау—өткізу бекетінде тәжік және қырғыз су шаруашылықтарының өкілдері кездесіп, бірлескен комиссия құрды. Олар шекаралас ауылдардың су мәселелерін шешумен айналысады.

Бұл туралы Қырғызстандағы Баткен облысының әкімдігі хабарлады. Келіссздердің 12 наурызда өткен алғашқы күні қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалдардың себептері, бейбітшілікті сақтау жолдары талқыланды.

Екінші күні кездесуге Баткен және Соғды облыстарының басшылары Абдыкәрім Алимбаев пен Раджаббой Ахмадзода қатысты. Солардың басшылық етуімен өткен келіссөздерде су мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Бұған қоса, көрші елдердің шекара қызметтері шекара күзету мәселелерін талқылады.

2021 жылғы сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды. Сол кезде қырғыз жағынан 154 адам жараланып, 36 адам опат болды. Тәжік билігі 19 адамның қаза тапқанын, 87 адамның жараланғанын хабарлады.

Источник

Exit mobile version