Site icon KAZAKBOL

Тәжік білім министрлігі: жүздеген студент өз еркімен әскерге кетті

Тәжікстандағы жоғары оқу орындарында жүздеген студент көктемгі науқан кезінде өз еркімен әскерге кетту, деп хабарлады елдің білім және ғылым министрлігі. Бұның алдында студенттер биліктен қысым көргенін мәлімдеген.

Тәжікстан білім және ғылым министрі Рахим Саидзоданың хабарлауынша, 2 мың 333 студент көктемгі науқан кезінде өз еркімен әскерге кетті. «Өздеріңіз білесіздер, күш құрылымдарында жұмыс істегі келетіндер әскерге баруға міндетті», — деді министр 19 шілдеде Душанбеде өткен баспасөз конференциясында.

Тәжікстанда 2020 жылы «Әскери қызмет және әскери міндет туралы» заңға өзгеріз енгізілді. Заңға сәйкес, жоғары оқу орындарында әскери кафедраларда оқыған жастар офицер атағы мен әскери билет алу үшін бір жыл әскерде болуы тиіс. Бұған дейін офицер атағы 40 күндік әскери жиыннан кейін беріліп келген.

Сонымен бірге, магистратура студенттері де әскерге шақырылатын болды. Бұған дейін мұндай санатты студенттер әскери қызметтен босайтын.

Заң қабылданған соң магистратурадағы студенттердің көбі оқуды жалғастырудан бас тартып, шетелге жұмыс істеуге кетті, дейді жергілікті сарапшылар.

«Азаматтар еркіндігі кеңсесі» қоғамдық ұйымының 3 мамырда Озоди радиосына хабарлауынша, көктемгі әскерге қабылдау науқаны барысында студенттердің бірқатарына қысым жасалған. Оқу мекемелерінің басшылары әскерге барғысы келмеген жастарды оқудан шығарамыз деп қорқытқан.

Источник

Exit mobile version