Site icon KAZAKBOL

Тәжік мигранттары Ресейден зейнетақы ала бастайды

Тәжікстан билігінің хабарлауынша, Ресейде ресми түрде жұмыс істейтін, зейнетақы қорына ақша аударған тәжік мигранттары зейнетақы ала бастайды.

Алғашқы мигранттар осы елде зейнетақы алу үшін қажет құжаттарды өткізіп қойды, деп хабарлады әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі агенттік басшысы Ділмұрод Давлатзода.

Тәжік еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімге Тәжікстан мен Ресей 2021 жылы қол қойған. Құжат Ресейде 2014-2015 жылдары дайындалған. Оның ережелері мен тәртібін келістіруге жеті жыл уақыт кеткен.

Агенттік басшысы нақты қанша еңбек мигранты зейнетақы алуға құжат өткізгенін айта алмады.

Ресей зейнетақысын алу үшін мигрант жұмыс берушімен еңбек келісім-шартына отырып, Ресей әлеуметтік қорғау қорына тіркеліп, ай сайын Ресей бюджетіне әлеуметтік салық төлеуі тиіс.

Мәскеу мен Душанбе арасында келісімге сәйкес, Тәжікстанда жұмыс істейтін ресей азаматтары да республикаға зейнетақы ала алады. Ресей жұмыс істеп, кейін елге оралған тәжік азаматының шетелдегі жұмыс өтілі Тәжікстанда да ескеріледі.

Источник

Exit mobile version