Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан құрамында сынабы бар электр үнемдеуші шамдарға тыйым салды

Тәжікстанда құрамында сынабы бар электр үнемдеуші шамдарға тыйым салынды. Бұл туралы Озоди радиосы тәжік үкіметінің тиісті қаулысына сілтеме жасап хабарлады.

Қаулыда не себептен сынабы бар шамға тыйым салынғаны жазылған емес. Бірақ экологиялық талаптар себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады. Себебі құрамында сынап бар шамдарды утилизациялау кезінде арнайы ережелер сақталуы тиіс.

Ақпаратқа қарағанда, сынабы бар шамдарға тыйым салынғаннан кейін, тәжік үкіметі тиісті мекемеге экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі энергия үнемдеуші шамдар өндіруді тапсырған.

Источник

Exit mobile version