Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан: банкирді ұрлауға қатысы бар күдіктінің бірі ұсталды

Молдовада «Ориёнбанк» төраға орынбасары Шухрат Исматуллоевты ұрлауға қатысы бар күдіктілердің бірі ұсталды.

1 шілдеде Тәжікстанның бас прокуратурасы 43 жастағы Рустам Ашуров ұсталғанын және ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі екенін мәлімдеді.

Молдова билігі 30 маусымда 43 жастағы тәжік азаматы екі адамды — шекара полициясының қызметкерін және әуежайдың қауіпсіздік қызметкерін атып өлтіргенін, бір адам жаралы болғанын хабарлаған.

«Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің жазуынша, оқиға алдында тәжікстандықты Молдовадан депортацияламақ болған. Ол күту залына өзін алып бара жатқан полиция қызметкерінің тапаншасын тартып алып, оқ атқан.

Арнайы операция кезінде ол жараланып, ұсталған.

Тәжікстанның бас прокуратурасының мәліметі бойынша, Рустам Ашуров Шухрат Исматуллоевты ұрлағаннан кейін Еуроодақ елдерінің бірінде жасырыну үшін Түркия арқылы Молдоваға ұшып кеткен.

49 жастағы Шухрат Исматуллоев «Ориёнбанк» төрағасы, ел президенті Эмомали Рахмонның қайнысы Хасан Асадуллозоданың жақын адамдарының бірі болған. Оны бір апта бұрын белгісіз адамдар ұрлап әкеткен.

Источник

Exit mobile version