Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан көрші елдерге қанша электр қуаты экспортталғанын айтты

Тәжікстан былтыр көрші елдерге 106 млн доллар тұратын электр қуатын экспорттаған. Бұл туралы статистика жөніндегі агенттігінің басшысы Жәмшед Нұрмұхаммадзода 14 ақпанда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Бұның алдында энергетика министрі мен «Барки Точик» холдингінің басшысы Ауғанстан мен Өзбекстанға экспортталған электр қуаты туралы мәлімет беруден бас тартқан.

Жәмшед Нұрмұхаммадзоданың хабарлауынша, былтыр Ауғанстанға 1,7 млрд кВтс, ал Өзбекстанға 1,6 млрд кВтс электр қуаты сатылды. Оның айтуынша, Тәжікстан былтыр басқа да елдерге электр қуатын көптеп сатқан. Алайда агенттік басшысы нақты қай елдер екенін айтпады.

Тәжікстанда электр қуатын шетелге экспорттау мәселесі үнемі дауға айналып жүр. Тұрғындардың кейбірі билік әуелі жергілікті халықты жарықпен толық қамтамасыз етуі тиіс деп есептейді. Билік болса шетелге артылған электр қуаты ғана сатылады деп отыр.

Тәжікстанда 1 ақпаннан бастап электр қуатын тұтынуға шектеу енгізілген. Тұрғындар биліктің бұл әрекетіне риза емес. Олар мұндай шектеу қашан жойылады деп сұрайды. Бірақ шенеуніктер осы сауалға жауап беруге асығар емес.

Источник

Exit mobile version