Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан президенті Қырғызстанмен шекара мәселесін түпкілікті шешуге мүдделі екенін айтты

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 17 сәуірде Исфара қаласының басшылары және белсенділерімен кездесу кезінде шекара мәселесіне тоқталды.

Оның сөзінше, тәжік тарабы 2002 жылдан бері Қырғызстанмен шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша келіссөздер жүргізіп келеді.

«20 жылдың ішінде 987 шақырым шекараның 663,7 шақырымы, яғни 68,4% келісілді»,- деді Рахмон. Оны сөздері тәжік президенті сайтында жарияланды.

“Тәжікстан екі тараптың тең ұлттық мүдделерін есепке алып, мәселені шешу керек деп есептейді. Сондықтан Исфара тұрғындарына тағы да еске саламын: көршілермен өзара түсінісіп, тату-тәтті тұру керек, сабырлы болып, эмоцияға жол бермеулеріңіз керек”, — деді тәжік президенті.

16 сәуірде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжікстанмен шекараның 664 шақырымы белгіленіп, қалғаны жәй жүріп жатқанын айтқан.

“Қырғызстан мен Тәжікстан арасында жалпы 972 шақырым жер жатыр. Оның 664 шақырымы бекітілді. Енді 308 шақырым жер қалды. Қалғанын да тез аяқтағымыз келеді. Бірақ менің ойымша, келіссөздер өте баяу жүріп жатыр. Себебі, ең даулы жерлер ғана қалды. Бізге ең бастысы осы жерлерді екі тараптың мүддесін де ойлап, бейбіт түрде белгілеп алу”,- деп жазған қырғыз президенті Facebook парақшасына.

Аталған даулы жерге байланысты шекара маңындағы тұрғындар арасында жиі жанжал болады.

Источник

Exit mobile version