Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғалар мен Таулы Бадахшан автоном облысындағы наразылықтарды тарату — ұлттық мүдде мен құндылықтарға қайшы келеді. Осылай деп Тәжікстанның телерадио тарату бойынша комитет басшысы Нуриддин Саид 8 ақпанда баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
Ол «Тәжік телеарналары шекарадағы және Хорогтағы оқиғаларды неге көрсетпеді?» деген журналистің сұрағына былай деді: «Телерадио комитеті мемлекет саясатын жүргізеді. Біз мемлекеттің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына қарсы келетін оқиғаларды көрсетуден бас тартқанбыз және бұдан әрі да бас тартамыз».
Шенеунік қырғыз-тәжік шекарасындағы және Таулы Бадахшандағы оқиғалар бойынша тек ғана ресми мәліметті арнайы қызмет басшысы Саидмумин Ятимовтің мәлімдемесі арқылы көрсеткенін жеткізді.
Тәжікстан журналистері қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға бойынша ресми мәлімет жоқ екенін айтып, наразылық білдіреді. «Былтыр және өткен айдағы шекарадағы жанжалдан ақпараттық соғыс бойынша біз жеңілдік. Бұл оқиғаларды тек екі-үш тәуелсіз басылым және шетелдік БАҚ берді»,- деді «Азия-Плюс» ақпарат агенттігінің тілшісі Мазхаб Жума.
Қырғыз-тәжік шекарасының қашықтығы 970 шақырым болса, оның 519-ы ғана белгіленген.