Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда құқық қорғаушы Иззат Амон жаңа қылмыстық іс бойынша тағы алты жылға сотталды

Абақтыда отырған тәжікстандық құқық қорғаушы Иззат Амон «Ірі сомада алаяқтық жасады» деп айыпталып, тағы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешімді Душанбенің Исмоили Сомони аудандық соты 6 маусымда шығарды.

Осыған дейін тоғыз жылға сотталған құқық қорғаушыға биыл наурыз айында 10 мың доллар беріп алданып қалдым деген Бохтар қаласы тұрғыны арызынан кейін жаңадан айып тағылған.

Сот отырысына қатысқан құқық қорғаушының ұлы Махмадюсуф Холов даттанушыларға арызда көрсетілген соманы беруге дайын болғанын, бірақ «судья үкімді тез оқып, отырысты тез аяқтағанын» жеткізді.

Құқық қорғаушының туыстары сот шешіміне наразы екенін, қайта шағымданатынын айтты.

Мәскеудегі тәжік орталығының жетекшісі Иззат Амонның Ресей азаматтығы жойылып, былтыр наурыз айында Тәжікстанға депортацияланғаннан кейін, қамауға алынған. Ресми мәліметке сәйкес, белсенді алданып қалдық деген бір топ адамның шағымынан кейін ұсталған. 2021 жылы қараша айында Иззат Амон тоғыз жылға сотталған.

Иззат Амонның туыстары бұл істе саяси астар бар екенін айтып келеді. Ресейде ол мигранттарға заңдық көмек көрсетіп, әлеуметтік желі арқылы тәжік билігін сынап келген.

Источник

Exit mobile version