Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда қоғам белсенділері президенттің ұлына үндеу жасады

Таулы Бадахшан автоном облысындағы 44 қоғам белсендісі Тәжікстан парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Рустами Эмомалиге видео үндеу жолдады.

25 қарашада Тәжікстанның арнайы қызметі жүргізген операциясы кезінде 29 жастағы Гулбиддин Зиёбековтің өлімі Хорог тұрғындарының наразылығын туғызып, олар төрт күн бойы митинг өткізген.

Белсенділердің үндеуінде Хорогта митинг кезінде тек құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сабалуы бойынша ғана қылмыстық іс қозғалғаны айтылып, «екі азаматтың қайтыс болып, 17 адамның жарақат алғаны жөнінде ешқандай сөз жоқ» делінген.

«Бадахшан тұрғындары азық-түлік бағасы, электр энергиясы, бензин біздің аймақта ең қымбат екеніне, жолдардың нашар екеніне қарамастан барынша төзімділік танытып, президенттің саясатын қолдап келді. Бірақ ауыр емес қылмыс үшін жергілікті тұрғынды талтүсте өлтіріп, халықты әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы қаралап, кәсіпкерлерге қысым көрсетуі шыдамдылық пен төзімділіктің соңғы шегін бұзып отыр»,- делінген үндеуде.

Белсенділер парламент төрағасынан Бадахшан автоном облысындағы жағдайды жалпы отырыста қарауды талап етті.

Президенттің ұлы Рустами Эмомали Душанбе мэрі және өлке парламенті жоғарғы палатасының төрағасы қызметінде істейді. Ол ресми түрде Тәжікстанда әкесінен кейінгі екінші адам.

Источник

Exit mobile version