Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда 5,5 мың ауған азаматы босқын мәртебесін ала алмай жатыр

Афганские беженцы в Иране

Тәжікстан үкіметі 5,5 мың ауған азаматына босқын мәртебесін беруден бас тартты. Олардың қолында қазір «баспана іздеген адамның уақытша куәлігі» ғана бар және ай сайын оның мерзімін ұзартып тұруы керек.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) ауған азаматтарына босқын мәртебесін беруді қарауды уақытша тоқтатқанын растады. Мекеме бұл шешім «қауіпсіздік мақсатында» қабылданды деді.

Ауған босқындарына заңдық көмек көрсететін «Инсон ва адолат» қоғамдық ұйымының басшысы Ширинбек Давлатшоевтың сөзінше, 2021 жылы «Талибан» режимінен қашып келген 5,5 мың ауғанстандықтың бәрі Тәжікстанда босқын мәртебесін ала алмай жүр.

Тәжікстанда босқын мәртебесі жоқтығы ауғандықтарға көптеген проблема туғызып отыр. Оларға болашақта айыппұл төлетіп, еліне депортациялауы мүмкін.

2021 жылы қарашада тәжік билігі 11 ауған босқынын еліне депортациялаған. Осыған байланысты БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссарының басқармасы алаңдаушылық білдірген.

Источник

Exit mobile version