Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр (видео)

Тәжікстанда соңғы бір жыл ішінде жанармай екі есеге қымбаттаған. Осылай деп елдің Статистика жөніндегі агенттігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, бұл азық-түлік бағасының қымбаттауына алып келген.

«Бензин бағасының қымбаттауынан былтыр жеміс-жидектер 23,8%, ет өнімдері 15,1%,өсімдік май 24%, ұн 8% және қант 4,4% қымбаттады», — деді мекеме басшысы Гулнора Хасанзода.

Душанбе қаласындағы «Мехргон» базарының әкімшілік өкілі Фахриддин Холов бағаларды түсіру үшін мемлекеттік резервтегі азық-түлік сатыла бастағанын жеткізді. «Базарда еттің бір келісі 65 сомони болса, мемлекеттік резерв дүкендерінде 55 сомониден сатылып жатыр», — деді ол.

Былтыр жыл соңында Тәжікстанның Ұлттық банк төрағасы елде азық-түлік бағасын төмендету үшін қолдан келген барлық шараларды жасап жатырмыз деген. Бірақ сарапшылар ішкі өндірісті көбейтіп, кәсіпкерлерге салықты төмендету арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін дейді.

Источник

Exit mobile version