Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда оқушы қыздарға әлімжеттік көрсетті деген күдікпен мектеп директоры ұсталды

Хатлон облысы Шамсиддин Шохин ауданында оқушы қыздарға сексуалдық әлімжеттік көрсетті деген күдікпен орта мектептің директоры ұсталды. Бұл туралы «Озоди» радиосы құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, аудан мектептері бірінде оқыған жоғары сыныптың екі оқушысы директор тиісті деп шағымданған.

Бұл іс бойынша қазір тексеру жүріп жатыр, күдікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында отыр.

Директордың туыстары бұл бойынша пікір білдіруден бас тартты. Бірақ олар оның кінәсі жоқ екеніне сенетінін, жақын күндері босатылады деп үміттенетінін білдірді.

2021 жылы Тәжікстандағы мектептердің бірінде істеген мұғалім оқушы қызды зорлады деген айыппен 17 жылға еркінен айырылған.

2019 жылы Хатлон облысы Яван ауданындағы Нурек қалалық лицей мұғалімі 17,5 жылға сотталған. Ол 12 жастағы қызға сексуалдық зорлық көрсетті деген бап бойынша айыпты деп танылған.

Источник

Exit mobile version