Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда «Ориёнбанк» топ менеджерлерінің бірі жоғалып кетті

Тәжікстанда «Ориёнбанк» төрағасының бірінші орынбасары Шухрат Исматуллоев үш күн бұрын ұшты-күйлі жоғалып кетті.

Озоди радиосының дереккөзі 23 маусымда кешкісін Шухрат Исматуллоевты белгісіз адамдар қара түсті Hyundai Sonata көлігіне салып, белгісіз жаққа алып кеткенін мәлімдеді. Оқиға оның Исмоили Сомони қаласында орналасқан үйінде болған. ІІМ мәлімет базаларын тексеру барысында, көліктегі мемлекеттік нөмірлердің жалған екенін анықтаған.

Банкирдің телефон нөмері 25 маусымнан бері сөндіріліп тұр.

Исмоили Сомони ауданы ішкі істер бөлімі «8-Март» аймағынан жоғалған азаматты іздеп жатқанын растады, басқа мәлімет бермеді.

47 жастағы Шухрат Исматуллоев «Тәжік Эйр» әуе компаниясының бұрынғы бас директоры Дилшод Исматуллозоданың туған ағасы, «Ориёнбанк» төрағасы, президент Эмомали Рахмонның күйеу баласы Хасан Асадуллозодаға жақын адамдардың бірі болған.

Ол көп жылдар бойы «Ориёнбанк» төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Іс жүзінде банкты басқарып келгені айтылады.

Источник

Exit mobile version