Site icon KAZAKBOL

Тәжікстандық мигранттар Украинадағы соғыстан кейін Ресей азаматтығын алғысы келмейді (видео)

24 ақпаннан бастап орыс әскері Украинаға басып кіргеннен бері, тәжікстандық еңбек мигранттары үшін Ресей азаматтығын алу арман болудан қалды. Бұл жөнінде орталықазиялық сарапшылар айтып жатыр.

Соғысқа дейін жағдай керісінше еді. Былтыр 103 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алған. Соңғы бес жылда 300 мың тәжікстандық ресейлік болған.

Тәжік саяси шолушысы Абдумалик Кадыров Ресей азаматтығын алғысы келетіндер саны бірден түсіп кеткенін айтады. Бұған себеп, әрине бірінші соғыс, сосын Ресейге салынған санкциялар.

«Ресейге салынып жатқан санкциялардан кейін жұмыс істеу қиындап кетті. Мәскеу қазір бірінші кезекте өз азаматтарын жұмысқа орналастыруға тырысып жатыр. Екіншіден, Украинадағы соғыс. Егер мигранттар азаматтық алса, оларды бірінші кезекте соғысқа жіберуі мүмкін. Қазір айқай салатын Жириновский жоқ, бірақ оның орнын басатын саясаткерлер табылады», — дейді саясаттанушы.

Бесінші сәуірден бастап Ресей думасы шетелдік азаматтарға азаматтық беру ережесін жеңілдету жөнінде шешім қабылдаған.

Источник

Exit mobile version