Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанның бас прокуратурасы ІІМ подполковнигінің ұсталғанын растады

Тәжікстанның бас прокуратурасы ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысының көмекшісі, милиция подполковнигі Акмал Юсуфзода адам ұрлау бойынша күдікті ретінде ұсталғанын мәлімдеді.

12 маусымда Тәжікстанның мемлекеттік сауда университетінің оқытушысы Исмоил Рахмоновты белгісіз біреулер күшпен көлікке салып, алып кеткені хабарланған.

Бас прокуратура мәліметінше, Акмал Юсуфзода бұл оқиғадан үш күн өткеннен соң ұсталған.

Күдікті ретінде оның туысы, аталған университетте жұмыс істейтін Исмоилжон Шукуров та ұсталған. Олар «Адам ұрлау» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Ресми мәліметке қарағанда, оқиға қызғаныштан туындаған.

Акмал Юсуфзоданың әйелі Исмоил Рахмоновпен бірге университетте жұмыс істейді. Университет Рахмонов менеджменттен, ал подполковниктің әйелі ағылшын тілінен дәріс берген.

38 жастағы Исмоил Рахмоновтың төрт баласы бар.

Источник

Exit mobile version