Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанның оңтүстігіндегі жастар Панджшерде тәліптерге қарсы қозғалысқа қосылғысы келеді

Бойцы сил антиталибского сопротивление в Панджшере

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Куляб қаласындағы бір топ жас ауғанның Панджшер аймағындағы тәліптерге қарсы қозғалысқа қосылғысы келеді. Тәжік жастарының билікке үндеуі әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр.

Куляб жастары Тәжікстан билігіне үндеу жолдап, Панджшерге Ахмад Масуд басқаруындағы қарсылық күштеріне қосылуға рұқсат сұрады. Панджшерге барғысы келетіндер саны 2 мыңнан асады.

Тәжікстан билігі Куляб жастарының үндеуіне жауап берген жоқ.

Парламент депутаты Саидджафар Усмонзода «еріктілер» өтініші жауапсыз қалады дейді.

«Жастар өз еркімен мемлекет шекарасынан өте алмайды. Өткендер заң алдында жауап береді. Тәжікстанның Қарулы күштеріне қызметке тұрып, ауған билігі Душанбеден ресми түрде көмек сұрағанда ғана, жастар Ауғанстанға соғысқа қатыса алады, деп түсіндірді депутат.

Бұның алдында Усманзода басқаратын Тәжікстан демократиялық партиясы Ауғанстандағы болып жатқан оқиғаларды «тәліптердің пуштун халқын қыруы» деп сипаттаған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Пәкістанның сыртқы істер министрі Махмұд Курейшимен кездескенде Ауғанстанда тұратын аз ұлттардың үкіметін құру керек деген. Ауғанстан халқының 46 пайызы — тәжіктер.

Источник

Exit mobile version