Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанның солтүстігінде жүздеген оқушы президентпен кездесуге дайындалды (видео)

Соғды облысы Пенджикент қаласында жүздеген оқушы президент Эмомали Рахмонмен кездесуге дайындалды.

Озоди радиосының оқырмандары дайындық кезінде түсірілген бірнеше видео жолдады. Онда бірнеше күннен бері жүздеген оқушы жергілікті стадионда жүргені айтылған. Сарапшылар бұны Тәжікстанда ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан жеке басқа табыну тәжірибесі деп атады.

Дәл осыған ұқсас дайындықтар елдің солтүстігіндегі басқа да қалалар мен аудандарда болып жатыр. Жақында Эмомали Рахмон Соғды облысына сапарлап келеді деп жоспарланған. Әдетте аймақтар бірнеше ай бұрын мемлекет басшысын күтіп алуға дайындалады.

Оқушылар мен студенттерді мерекелік шараларға тарту тәжірибесі Тәжікстанда бұрыннан бар. Сабақты тоқтатып, оқушыларды күні бойы стадионда ұстайтын билікті сынаушылар көп.

Источник

Exit mobile version