Site icon KAZAKBOL

Түркімен президентінің тұлпары Гиннесстің рекордтар кітабына енді

Түркіменстан кезекті рет Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Бұл жолы түркімен президентінің тұлпары рекорд көрсеткен.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президентінің Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтар кешеніндегі Акхан тұлпары артқы аяқтарымен тік тұрып, он метрлік қашықтықтағы мәре сызығынан 4,19 секундта өтіп, Гиннесстің рекордтар кітабына енген.

ТДХ ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, түркімен арғымағы 2016 жылдағы көрсеткішті екі есеге асырған.

Мемлекеттік арналар бұл рекордты президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің елді әлемге танытудағы орасан еңбегіне теліп жатыр.

Ақалтеке арғымақтары — Түркіменстанның ұлттық мақтанышы. Жалқы шаруашылығын ел президенті өзі бақылайды. Президент Бердімұхаммедов тұлпарлар туралы бірнеше кітап жазып, ат шабыстарына да қатысып жүр.

centralasian.org

Exit mobile version