Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан «Амуль-Хазар 2018» халықаралық автораллиге дайындалып жатыр

Тестовый заезд президента Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедова, февраль, 2018

Түркіменстан қыркүйек айында өтетін халықаралық «Амуль-Хазар 2018» автоллиіне дайындалып жатыр. 5 тамызда ұйымдастырушылар шетел журналистері үшін медиа форум өткізді.

Дайындық шарасы кезінде Ашхабад-Дашоғыз күре жолының жабылғаны, сонымен бірге ел астанасында нәпақа тауып жүрген еңбек мигранттары шығарылғаны белгілі болды.

Ресми баспасөздің хабарлауынша, Түркіменстан ұлттық олимпиада комитетінің басшылығы форумға жиналған журналистерге халықаралық автораллиге дайындық барысы туралы баяндады. Бұл жарысты өткізу туралы бастаманы түркімен президенті көтергені айтылды. Форумда президент Гурбангұлы Бердымұхамедовтің қатысуымен видеоролик көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарыс Түркіменстанның шығысында басталып, батысында аяқталады. Авторалли қашықтығы — 1500 шақырым.

Президент Бердымұхамедов жарыстың ұйымдастырылуын өзі бақылап отыр. Биыл 12 мамырда түркімен басшысы жарыс автокөлігін басқарып, кәсіби спортшыны жеңгені хабарланған.

«Амуль-Хазар 2018» автораллиі 9-14 қыркүйекте өтеді. Ұлттық баспасөздің хабарлауынша, жарысты өткізудегі мақсат — әлемге Түркіменстанның жаңа келбетін көрсетін.

https://www.centralasian.org/a/29416391.html

Exit mobile version