Site icon KAZAKBOL

Түркіменстанда 1700 адамға рақымшылық жарияланды

Түркіменстан үкіметі 1700 адамға рақымшылық жариялап, 740 адамға азаматтық берген. Бұл жөнінде 24 қыркүйекте ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалық етуімен өткен үкімет отырысында айтылған.

Түркіменстан үкіметінің кеңейтілген отырысы Халық мәслихаты отырысының ашылуы өтетін күні (Халық кеңесі) болған. Бірақ халық кеңесінің отырысы себепсіз өтпей қалған.

Мұның орнына дүйсенбі күні Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары министрлер кабинетінің отырысынан хабар таратты. Онда 1722 адамға рақымшылық жасалынғаны және 740 адамға Түркіменстан азаматтығын беру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған.

Бұл күндері Ашхабад стадионында 27 қыркүйекте атап өтетін Түркіменстан тәуелсіздігі күніне дайындық жүріп жатыр. Осыған дейін атаулы күнді 1991 жылы 27 қазанда ел тәуелсіздігі жарияланған күнде атап өтетін. Биыл Тәуелсіздік күні 27 қыркүйекке ауыстырылған.

centralasian.org

Exit mobile version