Site icon KAZAKBOL

Түркістанда жылқы кесірінен болған жол апатынан бес адам қаза тапты

Қазақстанның Түркістан облысында жылқы кесірінен болған жол апатынан бес адам қаза болып, бір адам ауруханаға түсті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 қарашада түнде Шардара – Абай тас жолында болған.

«МАЗ» жүк автокөлігі жолға шығып кеткен жылқыны қаққан. Одан соң жүк көлігі қарсы жолға шығып кетіп, «Лексус» автокөлігімен соғысқан», — делінген ІІМ хабарламасында.

Соның салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі мен төрт жолаушы қаза тапты. Жолаушылардың үшеуі — Өзбекстан азаматтары. Тағы бір Өзбекстан азаматын аурухананың жансақтау бөліміне жатқызған.

Тергеу жүріп жатыр. Жүк автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Жолға шығып кеткен жылқының иесі кім екені анықталып жатыр.

centralasian.org

Exit mobile version