«Түркия аруы — 2017» сұлулық байқауының жеңімпазы Ытыр Эсен бірнеше сағаттан соң Twitter желісінде 2016 жылдың шілдесіндегі елдегі мемлекеттік төңкеріске қатысты жазбасы үшін титулынан айырылды, — деп хабарлайды РИА Новости.
Ытыр Эсен әлеуметтік желідегі парақшасында биыл мемлекеттік төңкеріске бір жыл болғанын жазған. Сондай-ақ, сұлулық байқауының жеңімпазы осы күні оның етеккірі басталғанын және оның қаны төңкерістен қаза болғандардың қанына қосылатынын жазған.
Сондай-ақ, Эсеннің Қытайда өтетін «Әлем аруы — 2017» халықаралық байқауында титулынан айырылғаны және оның орнына екінші орын алған Аслы Сюмэннің қатысатыны айтылады.

