Фото Н.Есентаеваның желідегі парақшасынан алынды
Бұл туралы оның қарындасы Нағима Есентаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
«Бүгін алғыс айту күні (1 наурыз — ред.). Ағатайым сіздерге, ел-жұртына, халқына, аға-інілеріне, әпке-қарындастарына, достарына, жиендеріне, нағашыларына, жерлестеріне, тілеулес болған барша жандарға үлкен-үлкен алғысын жолдады», — деп жазды ол.
Естеріңізде болса, бұған дейін Есентаевтың қарындасы ағасының өмірі туралы өз пікірін айтып, оның екі қызына деген ерекше ілтипаты туралы жазған еді.