Site icon KAZAKBOL

Төсек қатынасына түсе беруден шаршаған тұрғындар жаппай шағым түсірді

Төсек қатынасы. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Ирландиядағы Рингаскидди қаласында тұрғындар төсек қатынасына түсе беруден әбден мезі болғандарын айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы inshe.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала тұрғындары бұл жайтқа маңайдағы зауытты кінәлап отыр. Зауыт жыныстық қатынасқа құштарлықты арттыратын дәрі-дәрмектер шығарады екен.

Тұрғындардың пікірінше, зауыт өнімінің қалдықтары ауаға немесе суға араласып, оларға өз әсерін тигізуде. Тіпті кейбірі мұны әлеуметтік тәжірибе жасау үшін қасақана істеліп отырған әрекет деп санайды.

«Иттердің өзі дәрі-дәрмектердің әсерінен тым жиі жыныстық қатынасқа түсетін болған. Зауыт қалдықтарын 1980 жылдан бері жасырын ауыз суға ағызуда», — дейді тұрғындардың бірі.

Бір қызығы, бұл болжамды ресми статистика да растап отыр. Себебі соңғы қырық жыл ішінде өңірде бала туу көрсеткіші күрт жоғарылап кеткен.

Exit mobile version