Site icon KAZAKBOL

Төсін айқара ашқан Әсел Сәдуақасова елдің қаһарына ұшырады (фото)

Асель Садваксова фото: nur.kz

Жыл сайын өтетін дәстүрлі «Гәкку дауысы» жобасына саны мен төсі ашық көйлек киіп барған Әсел Сәдуақасова оқырмандарынан сөз естіп қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Отыздан асқан актрисаның бұл қылығын ұнатпаған әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Сәдуақасованы сынап тастаған.

«Мынауың тым артық енді», «Мұндай көйлекке бір жырық та жетеді. Кеудесі де, саны да ашық көйлек жарасқанымен, ұят», «Енді жас емессің ғой. Оның үстіне қазақтың қызысың. Кеудеңді бәріне көрсеткенің дұрыс болмады».

«Кеудеңді жалаңаштағанша, тұрмысқа шықсаңшы», «Мына көйлек сізді толық қылып көрсетеді екен. Кеудеңізді сәл жапсаңыз, жарасып кетер еді» деді оқырмандар.

Exit mobile version