Site icon KAZAKBOL

Төстартқышсыз суретке түскен Байзақова тағы да елдің талқысына түсті (фото)

фото: nur.kz

Атышулы Айжан Байзақова қайтадан елдің қызу талқысына түсті. Желідегі ашық фотолары арқылы танылған ару төстарқышсыз түскен суретін жариялап, көпшіліктің сынына қалды. Көпшілік соңғы кездері жабық киіне бастаған бойжеткеннің тағы да өз образына орала бастағаны үшін шүйліккен деп жазады NUR.KZ.

Әлеуметтік желідегі ашық фотоларының арқасында танылып, солардың салдарынан сыналып та жүрген ару елдің қызу талқысына түсуден мүлде қорықпаса керек.

Жақында ғана өзіне жалаңаш фотоларын талап етіп, жабық киінгені үшін сынағандарға ашуланған Байзақова, оқырмандар өтінішін орындай бастаған көрінеді. Ол өзінің Instagram парақшасына төстартқышсыз түскен суретін жүктеп қойған.

Көпшілік бірден танымал аруды сынауға кірісіп, оған жағымсыз пікірлер легін жаудырған. Кейбір оқырмандар бойжеткеннің жасанды төсінің мүлде жарасымсыз екенін айтып тастады.

«Ақылды жазбаларын қайда? Жабық киіне бастап едің, қайтадан төз ісіңе көшіпсің»

«Ұят атаулысын да білмейтін қыз сияқты ғой. Қаншама кішкентай бала қыздар қарайды мұның парақшасын. Қандай тәрбие сонда?»

«Тонып қалма төстарқышсыз. Кеудені жылы ұстау керек»

«Денесі арық, төсі болса екі есе үлкен. Тіпті пішінге сай келмейді, жарасымсыз»

«Жасанды төсіңді дұрыс істемеген сияқты ғой. Екеуі екі жаққа қарап тұр», — деп жазды оқырмандар.

Exit mobile version