Site icon KAZAKBOL

Тәуекел Мүсілімнің сүйіктісі келін атануға дайындалып жатқаны рас па? (видео)

Фото: Intagram/impresario_kz

Отандық шоу-бизнестегі сері жігіттің сүйіктісі келіндік қызметке барынша дайындалып жатқан көрінеді. Тәуекел Мүсілімнің ғашығы торт әзірлеу курстарына барып, болашақ жарын өзінің аспаздық өнерімен тәнті еткісі келетін сияқты деп жазады NUR.KZ.

Мөлдірдің арнайы торт әзірлеу курстарына қатысып, оны сәтті аяқтаған сәтінің видеосы Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен. Кәсіби аспаздың сабағына қатысқан оншақты бойжеткендердің арасынан желі қолданушылар Тәуекел Мүсілімінің сүйіктісін танып қойған.

Оқырмандар отандық шоу-бизнес жұлдызының сүйіктісі келіндік қызметіне барынша дайындалып жатқанын болжады. Олардың ойынша, Мөлдір күйеуі мен енесінің көңілінен шығу үшін тырысып жатқан көрінеді.

Ақылы курсқа қатысқан арулардың қатарында Тәуекелдің қызы мен қатар актер Бауыржан Сатовтың әйелі де бой көрсетті. Жақында ғана келін атанған Альбина Шардарова да аспаздық өнерін шыңдауға келген сияқты.

«Болашақ күйеуіне торт жасап көңілін таппақшы ғой. Дұрыс үйрену ешқашан кеш емес»

«Тәуекелді аспаздығымен таңғалдырғысы келіп жүрген сияқты»

«Келіндік қызметініне кірісе бастағаны тойдың жақындағанын білдірсе керек» , — деп жазды оқырмандар.

Exit mobile version