Site icon KAZAKBOL

Тәжік магистрін АҚШ-та профессорды өлтірді деген күдікпен ұстады

Нью-Йорк (АҚШ) қалалық соты Тәжікстан азаматы Мирзо Атаджановты 66 жастағы Джереми Сафранды өлтірген деген күдікпен бір айға қамады. Сафран The New School колледжінде сабақ берген, Нью-Йорк университеті кеңесінің пост-докторантура мәселелері бойынша мүшесі болған.

Профессордың өлі денесі Бруклиндегі өз үйінде 8 мамырда табылған. Дәрігерлер оның басынан балғамен ұрып өлтірген деген қорытынды жасаған.

28 жастағы Мирзо Атаджановтың адвокаты Джей Свитчманның 15 мамырда хабарлауынша, алғашқы сот отырысы Нью-Йорк қалалық сотында дүйсенбі күні өтті, оның қорғауындағы азаматты 8 маусымға дейін қамауға алды.

Мирзо Атаджанов біреудің үйіне ұрланып кіріп, ұрлық жасап, кісі өлтірген деген күдікке ілінген. Адвокат тергеу аяқталғанша пікір білдіруден бас тартты. Мирзо Атаджановтың кінәсі дәлелденсе, ол 25 жылдан бастап өмірлік түрмеге дейін жазалануы мүмкін.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Атаджанов профессор жертөлесіндегі «шкафта тығылып отырғанда» табылған. Полицияны профессордың көршісі шақырған. Ол үйдің маңында жүрген күдікті адамнан секем алған.

Кісі өлтіру мотиві белгісіз. Марқұмның әріптестері профессордың медицина саласында танымал адам болғанын айтты. Айыпталушының анасы Гүлчехра Низомиддинова жергілікті телеарнаға берген сұхбатында баласының кісі өлтіргеніне сенбейтінін, ол биология магистрі әрі шахматшы, ақылды бала екенін айтқан.

Атаджанов LinkedIn әлеуметтік желісіне тіркелген. Онда Тәжік мемлекеттік медициналық университетте оқығаны, Brooklyn College магистратурасын бітіргені айтылған. Ол Нью-Йоркте «Champion» шахмат клубын ашқан, сол жерде шахматтан сабақ берген. 2018 жылы наурызда ол Obridge Academy мектебіне «Жалпы биология» пәні бойынша дәріскер болып тұрған.

Ақпарат құралдары таратқан мәліметке қарағанда, Мирзо Атаджанов 2016 жылы канадалық турист қызды зорлауға талпынды деп айыпталған, бірақ іс айғақтың жоқтығынан жабылған.

centralasian.org

Exit mobile version