Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан қорғаныс министрлігі тәжікше әскери атақтардан бас тартты

Тәжікстан қорғаныс министрлігі үкімет жанындағы тіл және терминология комитетінің әскери атақтарды тәжікшеге аударған нұсқасынан бас тартты.

«Әлемнің көптеген елдерінде әскери атақтар біркелкі. Олады тәжік тіліне аударудың қажеттілігі жоқ», — делінген қорғаныс мекемесінің ресми жауабында.

Ал тіл комитетінің қызметкері Абдурахим Зулфониён шын мәнінде қорғаныс министрлігі барлық әскери атақтарды тәжікшелендіруге тиісті қаражат жоқ деп айтты дейді.

Екі ай бұрын Тәжікстанның тіл және терминология комитеті қызметкерлері әскери атақтарды тәжікшеге аудару жөнінде ұсыныс жасап, төмендегідей нұсқаларды ұсынған:

Ефрейтор — радабон, кіші сержант — даставар, сержант — дастаёр, аға сержант — дастабон, старшина — сардаста, капитан – садавар, подполковник – лашкарёр, полковник – сарлашкар.

Абдурахим Зулфониён енді бұл атаулар мұрағатта сақталады, бәлкім болашақта қолдануы мүмкін деп үміттенеді.

Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Амиркул Азимов әскери атақтарды тәжікшеге аудару қажет емес деп есептейді. Бірақ отставкадағы генерал Нуралишо Назаров тәжік армиясында әскери атақтар да тәжікше болу керек деп санайды. «Бізде ғасырлар бойы өзіміздің әскери атақтарымыз болды», — дейді ол.

centralasian.org

Exit mobile version