Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан Құрбан айт мейрамын 21 тамызда атап өтеді

Тәжікстан мұсылмандардың басты мейрамы Құрбан айтты 21 тамызда атап өтеді.

Тәжікстан Үлемдер кеңесінің хабарлауынша, мейрам намазы мешіттерде таңғы сағат 6:30-да басталады.

Мейрам күні Тәжікстан астрофизика институты ғалымдарының есебіне сүйеніп, белгіленген.

14 тамызда өткен үлемдер кеңесінде елдің барлық имам-хатибтарына мейрамды шығынсыз, қарапайым дастархан жайып атап өту тапсырылған.

1991 жылдан бері Тәжікстанда Рамазан айт және Құрбан айт мерекелері демалыс күні болып жарияланған.

centralasian.org

Exit mobile version