Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан: «Тәлибан» 7 мың содырын ауған-тәжік шекарасына орналастырды

Раджабали Рахмонали

«Тәлибан» қозғалысы 7 мыңға жуық әскерін ауған-тәжік шекарасындағы жаттығу алаңына орналастырған.

Бұл жөнінде Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскерінің басшысы Раджабали Рахмонали мәлімдеді.

Оның сөзінше, 7 мыңға жуық «Тәлибан» қозғалысының содыры Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх, Құндыз, Тахор және Бадахшан елді мекендеріндегі әскери базаға орналасқан. Содырлардың дені — Орталық Азия елдерінің тумасы.

Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекара қашықтығы — 1400 шақырым. Тәжік билігі тәліптердің іс-қимылына алаңдайтынын жеткізді. Бұл Тәжікстан үшін ең күрделі, бас ауыртатын мәселе болып отыр дейді Раджабали Рахмонали.

centralasian.org

Exit mobile version