Тәжікстанда ағылшын тілінің мұғалімі «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымына адамдар тартумен айналысты деген айыппен 19 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жахонгир Касымовқа сот үкімі 15 қарашада шыққан. Онымен бірге тағы 9 адам, арасында оқушылары бар түрлі жазаға кесілді.
22 жастағы ағылшын тілінің мұғалімі Жахонгир Касымов биыл шілде айында ұсталған. Ол сот процесі кезінде ағылшын тілімен қоса, Құранды да шет тілінде үйреткенін, сонымен бірге «жиһад» идеясын насихаттағанын мойындаған. Ол «ИМ» мүшелерімен әлеуметтік желі арқылы танысқанын, кейін олардың идеологиясын қабылдағанын айтқан.
Сотталушылардың туыстары мен адвокаттары сот шешіміне келіспейтінін, қайта шағымданатынын жеткізген.
Тәжікстан арнайы қызметі Ауғанстанмен шекарада төрт жас жігітті ұстағаннан кейін, Жахонгир Касымовты қамауға алған. Ұсталған жігіттер шекарадан өтіп, ИМ қатарына қосылмақ болғандарын мойындаған. Олар Жахонгир Касымовтан тәлім алғанын айтқан.