Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда ене мен келін арасындағы жанжал себебі зерттелді

Тәжікстанның дәстүрлі қоғамында келінге психологиялық қысым жасалып қана қоймай, оны жиі қорлайды. Халықаралық Alert International ұйымы мен тәуелсіз ұйымдар Тәжікстандағы «Лайықты өмір» жобасы аясында жүргізген зерттеуде осындай қорытынды жасаған.

Жоба барысында 80 отбасындағы ене мен келіннің қарым-қатынасы зерттелген.

52 жастағы Құрбангүл Бобиеваның отбасында төрт келін бар. Құрбангүлдің айтуынша, ол келіндерімен ұрыспайды, барлығы тату тұрады. Өйткені ол бұған дейін енесінен көп теперіш көрген.

Бобиеваның пікірінше, қазіргі келіндер сөзді көтере алмайды, күйеулерімен көп ұрысады. «Қазіргі келіндер ата мен енені жақтырмайды. Олармен бірге тұрғысы келмейді. Олар жетім жігітке тұрмысқа шығуды армандайды», — деді төрт келіннің енесі Құрбангүл.

«Әдетте ене үшін қызы келіннен биік тұрады. Келіндер көп жағдайда ата-анасының үйіне бара алмайды. Біз енелерге бұл дұрыс емес екенін түсіндірдік. Келінді өз қызындай көруі керек», — деді зерттеу жүргізген «Фародис» тәуелсіз ұйымының жетекшісі Мехринисо Тухтаева.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда әйелдер республика халқының 57 пайызын құрайды. Адам құқықтарын қорғаушылардың пікірінше, елде әрбір үшінші әйел күйеуінің туыстары тарапынан физикалық және психологиялық қысымға ұшырайды.

centralasian.org

Exit mobile version