Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда мина жарылып, екі адам қаза тапты

Село Кавок находится недалеко от таджикско-афганской границы

Тәжікстанның оңтүстігінде Ауғанстанмен шекаралас Кавок ауданында мина жарылып, екі тұрғын қаза тапқан. Ауданның ішкі істер бөлімшесінің хабарлауынша, оқиға 18 қазанда болған.

22 жастағы Орзу Содиков пен 29 жастағы Зухуршо Рахматов аңға шығу кезінде минаны басып кеткен. Аталған миналар Совет одағында 80-жылдары шығарылған, оны бірінші рет Ауғанстанда пайдаланған екен.

«Ауыл тұрғындары жарылысты естіп, оқиға орнына қарай жүгірген. Олар екі азаматтың денесін жеткізді. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады ІІМ өкілі.

Былтыр мамыр айында да минадан ағайынды 14 жастағы Шукрулло Фахриддин мен 13 жастағы Шохрух Хайриддин қаза тапқан.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, шекара аймағы 2015 жылға дейін минадан толық тазартылу керек болған. Бірақ сол күйі жұмыс жүргізілмеген.

Соңғы жиырма жылда Тәжікстанда мина жарылып, 374 адам қаза тапқан. 485 адам жараланған. Минаны залалсыздандыру кезінде 20 адам жарақат алып, екеуі қаза тапқан.

centralasian.org

Exit mobile version