Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда «салафизммен» әуестенген жастар тобы сотталды

Худжанд соты тыйым салынған «Салафизм» ағымын насихаттағаны үшін бір топ жасқа үкім шығарды.

Сотталған сегіз адамның төртеуі — студент, біреуі — арбакеш, қалғандары университет түлектері. Олар қаланың Себзор махалласында тұрғын үйді жалға алып тұрған.

Сот мәліметі бойынша, 18 жастағы Комрон Назмиддинов құрдасы Абдуназар Назаровпен бірге жастарға салафизм идеяларын насихаттаған.

Қылмыстық іс материалдарында Назмиддиновтің жастарды «Салафия» ағымына кіруге уағыздағаны туралы аудиожазба бар. Екеуі де алты жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды.

Қалған алтауы қылмысты хабарламағаны үшін алты айға сотталды.

Сот үкімі 20 қарашада шығарылған, әлі күшіне ене қойған жоқ.

Тәжікстан Жоғарғы соты 2009 жылы «Салафия» діни ағымына республика аумағында тыйым салды, ал 2014 жылы бұл ағым экстремистік деп танылды.

centralasian.org

Exit mobile version