Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда жезөкшелер үйін ашқандарға жаза күшейтілді

Тәжікстан парламенті жезөкшелер үйін ұйымдастырғандарға жазаны күшейтуді бірауыздан қолдады.

Тәжікстанның Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл қылмыс түрі бойынша айыпты деп танылғандар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. Осыған дейін жезөкшелер үйін ашқандарға 5 мыңнан 10 мың сомониға (1,1 мың доллар) дейін айыппұл салынып, 5 жылға дейін түрме жазасы кесілген.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, соңғы аптада аталған айып түрі бойынша, екі адам ұсталған.

Тәжікстанда жезөкшелікпен айналысқан қыз-келіншектерге 500-ден 1 мың сомониге дейін айыппұл салынады. Егер екінші қайтара ұсталса, 2 мың сомониге дейін айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынбақ.

centralasian.org

Exit mobile version