Site icon KAZAKBOL

Таиландта саяхатшылар мінген қайықта жарылыс болды

Салдарынан 16 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Таиландта туристер мінген моторлы қайық жарылды, — деп хабарлайды  Хабар 24.

Салдарынан 16 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген. Алтауының жарақаты ауыр.

Оқыс оқиға Пхипхи аралдарының жағалауында болды. Бортына 30-дан астам адам мінген қайық серуенге шыққан. Жолаушылардың дені – қытайлық саяхатшылар. Арасында балалар да бар.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оқыс оқиғаға жанармайдың төгілуі себеп болған.

Exit mobile version