Site icon KAZAKBOL

«Талибан» Қытайдың ресми тұлғаларымен келіссөз жүргізгенін хабарлады

Содырлар жетекшісі Абдул Ғани Барадар бастаған «Талибан» делегациясы Пекинде Қытайдың ресми тұлғаларымен келіссөз өткізді.

«Кездесу барысында саясат, экономика мен екі елдің қауіпсіздігіне байланысты мәселелер, Ауғанстандағы жағдай мен бейбіт процесс талқыланды» деп жазды 28 шілдеде Twitter-де «Талибанның» ресми өкілі Мұхаммед Наим.

Тәліптер Ауғанстанның Қытаймен шектесетін жаңа аудандарына шабуылын үдеткен шақта келіссөз өтіп отыр. АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Ауғанстаннан кетіп жатқан тұста «Талибан» белсенділігі күшейген.

Содырлар шекараға жақын аумақтарды бірінен соң бірін бақылауға алып жатыр. Ал шілде ортасында Катарда ауған үкіметі мен тәліптер арасындағы бейбіт келіссөзден еш нәтиже шықпады.

Қытай СІМ таратқан ақпаратқа қарағанда, Қытай сыртқы істер министрі Ван И тәліптерге Пекин Ауғанстанның территориялық тұтастығын құрметтейді деп айтқан.

Наимнің сөзінше, «Талибан» делегациясы Қытайға Ауғанстанда өзге елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін топтардың шоғырлануына жол бермеуге уәде берген.

Источник

Exit mobile version