Site icon KAZAKBOL

Талибан Ауғанстан көршілерін АҚШ әскерін аумағына орналастырмауға шақырды

«Талибан» қозғалысы көрші елдерді өз базаларын АҚШ әскеріне бермеуге шақырып, ондай қадам жауапсыз қалмайтынын ескертті.

Осының алдында бірқатар ақпарат құралдары Пәкістан Вашингтонмен әскерін орналастыруға келісімге келді деген хабар таратты. Оған дейін Пентагон әскерлерін Ауғанстаннан шығарып, көрші аймақтарға орналастыруды көздеп жатыр деген болжамдар жазылған.

Америкалық база жайғасуы мүмкін деген өлкелер арасында Тәжікстан мен Өзбекстан да аталған.

Құрама Штаттар контингентінің Ауғанстандағы баспасөз хатшысы Сонни Леггетт Вашингтон Пәкістанда әскери база құруды көздеп жатыр деген ақпаратты «жалған» деп мәлімдеді.

25 мамырда Пәкістан сенатында сөз сөйлеген елдің сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши Имран Ханның үкіметі «Америка базасын өлке аймағына жайғастыруға ешқашан рұқсат бермейді» деп айтты.

«Талибан» сәрсенбі күнгі үндеуінде нақты елдерді атамады.

«Ондай қадам жасалынатын болса, ол үлкен қате болады. Біз ондай жиіркенішті әрекетті жауапсыз қалдырмаймыз», — деп ескертті соғыскер топ.

АҚШ бастаған НАТО әскерлерін 20 жылдан кейін ауған жерінен шығару Кабул үкіметі қауіпсіздікті қаншалықты қамтамасыз ете алады деген сұрақ туындап жатыр. Оның үстіне соңғы аптада тәлібтер бір ауданды өзіне қайтарып алып жатыр. Шетелдік контингент 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан шығып кетуі тиіс.

Источник

Exit mobile version