Site icon KAZAKBOL

Талибан Ауғанстанның бұғаттағы активтерін қайтаруды талап етушілер митингіне рұқсат берді

Жүздеген ауған азаматы Кабулда митинг өткізіп, Ауғанстанның халықаралық қауымдастық бұғаттаған миллиардтаған долларларын қайтаруды талап етті.

Наразылық акциясын өткізуге Талибан үкіметі рұқсат берді. Шерушілердің қауіпсіздігін тәліп содырлары қамтамасыз етті.

Шеруге жиналғандар АҚШ-тың Кабулдағы елшілігіне барып, «Біздің де тамақ жегіміз келеді», «Бұғаттағы ақшаларды қайтарыңдар» деп ұрандатты.

Тәліптер 15 тамызда Ауғанстан үкіметіне шабуылдаған уақытта халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің бірқатары Кабулға тиесілі активтерді бұғаттап, қаржылай көмек беруін доғарды.

Талибан оның саясатына наразыларға бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермей келген.

Источник

Exit mobile version