Site icon KAZAKBOL

Танкистер кәсіби мерекелерін атап өтті

Шымкент гарнизонының механикаландырылған әскери бөлімінде  тарихы 1946 жылдан бастау алған жауынгер танкистердің табандылығын, қайсарлығы мен ержүректілігін еске алу құрметіне орай Танкистер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

 

Шара барысында бөлім жеке құрамы танкистердің құрметіне салтанатты сап түзеп, саптық әндермен жүріп өтті. Бөлім басшылықтары танкистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызмет барысында өздерін жақсы жағынан көрсеткен әскери қызметшілерді мадақтама қағаздарымен марапаттады.

Мерекелік көңіл-күйді және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында  спорттық ойындармен жалғасын тауып, танк бөлімшелері арасында 1 шақырымға жүгіру, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, белтемірге тартыну және әскери эстафета сынды спорт түрлері ұйымдастырылды.

Шара соңында танк бөлімшесінің жеке құрамы кәсіби мереке қарсаңында спорттық демалыс уақытын сыйлаған бөлім басшылығына ризашылығын жеткізді.

 

2 сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Exit mobile version