Site icon KAZAKBOL

Танымал қазақ актері ресейлік әншіге ессіз ғашық екенін ел алдында ашық айтты

Артур Төлепов. Фото: comode.kz

Қазақстанға белгілі жас актер Артур Төлепов бала күнінен ресейлік әнші Алсуға ғашық екенін айтты деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

«Мойындаймын, мен бұрыннан Алсуға ғашықпын. Егер, оны кездесуге шақыру мүмкіндігім болса, ойланбай шақырар едім», — дейді актер.

Ол өзінің отбасылық өмірге дайын екенін де айтты.

«Өзім іздеген жанды жолықтырған күні бірден үйленемін. Маған төрт саны ұнайтындықтан, менің төрт балам болады деп ойлаймын», — дейді ағынан жарылған Артур.

Айта кетейік, Артур Төлеповтің бұған дейін «Әйел бақыты» бағдарламасының журналистіне ұсыныс жасаған видеосы желіде тараған. Кейіннен оның бағдарлама түсірілімі үшін жасалғаны жарияланды.

Exit mobile version