Site icon KAZAKBOL

Тараздық келіншек үш баласынан саналы түрде бас тартты

Таразда көшеде қаңғып қалған тағы бір тастанды баланың анасы табылды. Алайда әйелдің перзентінен бас тартуына байланысты бүлдіршін бейімдеу орталығында қала бермек.

Адасқан 4 жастағы жеткіншектің тағы екі бауыры бар екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлиханның көшеден табылғаны жайында екі күн бұрын хабарлағанбыз. Осы ақпаратты оның 4 -ші сыныпта оқитын ағасы көріп, мұғаліміне баяндаған. Сөйтіп мектеп басшылығы дереу тәртіп сақшыларына хабарласады.

Ал, балақайдың анасын қаладағы қараусыз қалған ғимараттан тауыпты. 40 жастағы келіншек саналы түрде баласынан бас тартқанын мойындады. Жалғызбасты жұмыссыз әйелдің перзенттерін бағып-қағуға шамасы жоқ. Екі үлкен ұлын алғашқы некелі жарынан тапса, кенжесінің әкесі бөлек. Сорақысы, ол үшеуінен де қазір бас таруда. Енді олар жетімдер үйіне өткізіледі. Ал әйелдің өзін прокурорлар дағдарыс орталығына орналастырды.

«Облыстық прокуратура мен ішкі істер басқармасына нұсқаулық дайындалды. Алтынайдың баласын қасақана далада қалдырып кету оқиғасы бойынша оның жауапкершілігін шешу туралы. Алтынайдың тағдыры облыс прокурордың бақылауына алынды. Нақты жазасын әзірше айта алмаймыз», — дейді Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.



Exit mobile version