Site icon KAZAKBOL

Ташкент әкімі азаматтар 1,5 млн сумдық (140$) айлыққа жұмыс істегісі келмейтінін айтады

Ташкент қаласының әкімі Жахонгир Артыкхожаевтың «ешкім айына 1,5 миллион сумдық айлыққа жұмыс істегісі келмейді» деген мәлімдемесінен кейін Өзбекстанда айлық көлемі мәселесі қайта көтерілді.

23 қарашада өлке президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттің Шайхантахур ауданына барып, халықты жұмыспен қамту мәселесі жөнінде сөйлеген. Президент бас қалада бос орындар көп екенін айтып, бірақ азаматтардың көбінің біліктілігі жетіспей жатқанын айтқан.

Президент жанында еріп жүрген қала басшысы Жахонгир Артыкхожаев жұмыс істегендер 1,5 миллион сумдық (140 доллар) айлыққа келіспей жатқанын айтып, даттанған. Бұл соманы бір ай ішіндегі жұмыс күндерінің санына бөлсек, сегіз сағаттық әрбір күн үшін жұмысшы 62 500 сумнан (5,8 доллар) алады екен.

«Жұмыс іздегендер күніне 80 сумнан аз төленетін қара жұмыстарды істеуге келіспейді. Мұны әйелдер істеуі мүмкін. Кәсіби біліктілігі бар азаматтар күніне кемінде 100 мың сум (9,2 доллар) табады. 150 мың сум (14 доллар) алғандар да бар», — деді Ферғана облысындағы Риштан ауданының тұрғыны.

Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, өлкеде көп айлық алатындар кәсіпкерлікпен айналысатындар (6,46 млн сум немесе 600 доллар) мен ақпарат және байланыс саласындағы мамандар (4,83 млн сум немесе 450 доллар). Ең аз айлықты білім беру саласы (2,24 млн сум немесе 208 доллар), әлемуеттік сақтандыру және әлеуметтік қызмет көрсету (2,04 млн сум немесе 190 доллар) саласында істегендер алады.

Источник

Exit mobile version